Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің 02.05.2019 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 01-28-124 ұсынысы негізінде, Бастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданының Бастау ауылдық округінің Бастау ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бастау ауылдық округінің әкімі |
Қ.Исманов |