Атбасар ауданының Бастау ауылдық округінің Бастау ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 7174 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 20 ақпандағы № 01-28-88 ұсынуы бойынша, Бастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданы Бастау ауылдық округінің Бастау ауылы аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6606 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 мамырда Казақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бастау ауылдық
округінің әкімі
Қ.Исманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады