Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.07.2020 № 6С-69-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5546 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 бөлімнің 8 тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"4) Ұлы Отан Соғысына қатысушыларға теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еткен жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар - Жеңіс күніне орай, уәкілетті органның тізімі негізінде облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";
2 бөлімнің 8 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) ең төменгі және одан төмен мөлшерде зейнетақы алатын, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлер – Қарттар күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";
2 бөлімнің 8 тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"6) 1, 2, 3 топ мүгедектері, 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғалар – Мүгедектер күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;";
2 бөлімнің 8 тармағының 9) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
""Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілмеген дәрі-дәрмек препараттарын дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бойынша сатып алуға (Нормативтік құқықтық актіхэлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 тіркелген);".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихаты сессиясының төрaғасы |
Д.Сағадатов |
Астрахан аудандық мәслихаттың хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімі |
Н.Сейілов |
29.06.2018 ж