Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте № 5546 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 6С-69-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.07.2020 № 6С-69-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрaғасы
Д.Сағадатов
      Астрахан аудандық мәслихатының
Хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      26.08.2016 жылғы

  Астрахан аудандық
мәслихатының
016 жылғы 26 тамыздағы
№ 6С-8-7 шешімімен
бекітілген

Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер - жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Астрахан ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқару орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс - тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган - Астрахан ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 09.10.2018 № 6С-42-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2019 № 6С-53-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы көрсетіледі.

      5-1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндердің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      3) 1 қазан - Қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі – Мүгедектер күні.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысы жергілікті атқару органы бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      ай сайын 100 пайыз мөлшерінде коммуналдық қызметтерге, қатты отынға, байланыс қызметтеріне, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жеткізушілердің ұсынылатын қызмет тізіліміне сәйкес;

      2) Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистермен және олардың одақтастарымен құрылған концлагерлердің, ГЕТТО және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – уәкілетті ұйым тізімінің негізінде өтінішсіз ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі;

      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар жыл сайын Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы адамдар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еткен жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – Жеңіс күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      5) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен мөлшерде жиынтығында зейнетақы төлемдер алатын зейнеткерлер – Қарттар күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      6) 1, 2, 3 топ мүгедектері және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші адамдар – Мүгедектер күніне орай облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      7) табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен отбасыларына (азаматтарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде акт немесе анықтама негізінде табиғи апаттан немесе өрттен кейінгі үш ай мерзімінде беріледі;

      8) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен) – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Астрахан орталық аудандық ауруханасының есебінде тұрған тұлғаларға тіркеуді растау қағазы негізінде жылына бір рет беріледі;

      9) жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларына (азаматтарға):

      қайтыс болғандығы туралы анықтаманың негізінде кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге;

      медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне;

      дәрігерлік - кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбесіне енгізілмеген дәрілік препараттарын алуға;

      10) аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерінен (отбасыларынан) шыққан, колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқу орнымен жасалған шарт көшірмесінің, оқу орнының анықтамасының, көп балалы отбасынан шыққандығын, немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға немесе халықтың әлеуметтік әлсіз жігіне жататындығын растайтын анықтаманың негізінде – оқу ақысы мөлшерінде. Жоғары медициналық оқу орындарында оқитын болса, шарт аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалады;

      11) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Ауғанстан Демократиялық Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушылар арасынан, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай, жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органымен келісілген мөлшерде өтінішсіз;

      12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандығын растайтын құжаттың негізінде, босатылғаннан кейін үш ай мерзімінен кешіктірмей, он бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      13) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен төмен көп балалы отбасылар – өтініш бермей-ақ, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім бойынша, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      4) аз қамтылған отбасы;

      5) көп балалы отбасы;

      6) халықтың әлеуметтік - қорғалмаған қабаты (жетімдер, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала кезден мүгедек балалар, балалар үйінің түлектері) негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 06.04.2017 № 6С-18-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.02.2018 № 6С-31-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 6С-38-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.10.2018 № 6С-42-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 6С-50-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2019 № 6С-53-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қортындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Астрахан ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/ немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнүсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материялардық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті орғанға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті орғанға жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 27.09.2019 № 6С-54-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      22. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Астрахан ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      23. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Астрахан ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      24. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      25. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады