Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 07 наурыздағы № 5С-23/6-14 "Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/3-18 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6387 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қазандағы № 7С-33/3-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 7С-33/3-22 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 07 наурыздағы № 5С-23/6-14 "Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4084 болып тiркелген, 2014 жылғы 19 сәуірінде аудандық "Ереймен" газетiнде, 2014 жылғы 19 сәуірінде аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес арттырылсын (азайтылсын).";

      қосымшада "базалық" сөздері алынып тасталсын;

      қосымшада "ставкаларын жоғарылату (төмендету)", "ставкаларын жоғарылату (+), төмендету (-)" сөздері "мөлшерлемелерін арттыру (азайту)", "мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-)" сөздеріне ауыстырылсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Е.Имашев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      24 қаңтар 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесiнің басшысы
Ж.Тубеков

      24 қаңтар 2018 жыл

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 07 марта 2014 года № 5С-23/6-14 "Об утверждении процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога на территории земель города Ерейментау"

Решение Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 24 января 2018 года № 6С-20/3-18. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 12 февраля 2018 года № 6387. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 6 октября 2022 года № 7С-33/3-22

      Сноска. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 06.10.2022 № 7С-33/3-22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Ерейментауского районного маслихата от 07 марта 2014 года № 5С-23/6-14 "Об утверждении процентов повышения (понижения) базовых ставок земельного налога на территории земель города Ерейментау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4084, опубликовано 19 апреля 2014 года в районной газете "Ереймен", 19 апреля 2014 года в районной газете "Ерейментау") следующие изменения:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "О повышении (понижении) ставок земельного налога на территории земель города Ерейментау";

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Повысить (понизить) ставки земельного налога на территории земель города Ерейментау согласно приложения.";

      в приложении к указанному решению слова "базовых" исключить;

      в приложении к указанному решению в текст на казахском языке внесены изменения, текст на русском не меняется.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Ерейментауского районного
маслихата
Е.Имашев
      Секретарь
Ерейментауского
районного маслихата
К.Махметов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким
Ерейментауского района
Е.Нугманов

      24 января 2018 года

      Руководитель республиканского
государственного учреждение
"Управление государственных
доходов по Ерейментаускому
району Департамента государственных
доходов по Акмолинской области
Комитета государственных
доходов Министерства финансов
Республики Казахстан"
Ж.Тубеков

      24 января 2018 года