Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 5С-23/6-14 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4084 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қазандағы № 7С-33/3-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 06.10.2022 № 7С-33/3-22 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/3-18 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/3-18 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес арттырылсын (азайтылсын).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/3-18 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Ерейментау аудандық мәслихатының "Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сызбанұсқасын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 наурыздағы № 5С-13/4-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 мамырында "Ереймен" аудандық газетінде, 2013 жылғы 25 мамырында "Ерейментау" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Е.Дүйсен
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ерейментау ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Н.Мұқатов
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
Ақмола облысы бойынша
Салық департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Ахметуллин

  Ерейментау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 07 наурыздағы № 5С-23/6-14
шешіміне қосымша

Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/3-18 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары

I

+40

II

+30

III

+30

IV

+10

V

+10

VI

+10

VII

+10

VIII

+30

ІХ

+20

X

+10

XI

+10

XII

0

XIII

0

XIV

-10

XV

-10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады