Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 6572 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 19.06.2019 № С-40/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № С-3/5 "Еңбекшілдер ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5502 тіркелген, 2016 жылдың 2 қыркүйекте Қазахстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
И.Магерко
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Біржан сал ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Сабыров

      "29" наурыз 2018 жыл

  Біржан сал ауданы
мәслихатының
2018 жылғы "29" наурыздағы
№ С-22/10 шешімімен
бекітілген

Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Біржан сал ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетін үлесi;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – Біржан сал ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Біржан сал ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 23.10.2018 № С-28/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидалар Біржан сал ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      2) 1 қазан – Қарт адамдар күні;

      3) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      соғыс қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      ең төмен зейнетақы мөлшерінде алатын зейнеткерлерге;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен - АИТВ) аурулармен ауыратын тұлғаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Біржан сал ауданына тұрақты тұруға келген тұлғаларға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде оқитын студенттеріне;

      аз қамтылған және көп балалы отбасылардың жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын студенттеріне.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 23.10.2018 № С-28/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      2) Қарт адамдар күніне:

      ең төмен зейнетақы мөлшерінде алатын зейнеткерлерге.

      3) Мүгедектер күніне:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 23.10.2018 № С-28/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) азаматтарға (отбасына) қиын тіршілік жағдайы туындаған кезде, азаматтың (отбасының) кірісіне байланыссыз:

      "Еңбекшілдер ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тізімі негізінде онкологиялық стационарда арнайы ем алудан өткен өтініш бойынша онкологиялық ауруларға он бес айлық есептік көрсеткіштерге тең;

      "Еңбекшілдер ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу ақысы он бес айлық есептік көрсеткіштерге тең;

      "Еңбекшілдер ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тізімі негізінде АИТВ ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу ақысы он бес айлық есептік көрсеткіштерге тең;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күнінен бастап үш ай ішінде Біржан сал ауданына тұрақты тұруға келген тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрт салдары келген жағдайда, ең төмен күнкөріс деңгейін есептемеген жағдайда, оқиға болғаннан кейін үш айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша, азаматтарға (отбасыларға) бір рет жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      12. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету үшін алушылардың жеке шоттарына;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын шығындары алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы немесе сатып алынған қатты отынның түбіртегіне сәйкес өтеледі.

      Жеңілдік Ұлы Отан соғысына қатысушысы қолданған кезеңге дейін, бірге тұратын және тіркелген барлық отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      13. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне әлеуметтік көмек:

      1) Ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде.

      2) Көп балалы отбасы екендігін дәлелдейтін анықтама немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан екендігін дәлелдейтін анықтама негізінде, оқуды аяқтағаннан кейін Біржан сал ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен жұмысқа орналасу туралы келісім шартқа отырған жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққандарға оқуының толық оқу кезеңін төлеу үшін.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 23.10.2018 № С-28/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Өмірдің қиын жағдайы туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі жан басына шаққандағы орташа табысын есепке ала отырып жылына бір рет жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттардағы азаматтарға ұсынылады:

      1) көп балалы отбасылар;

      2) аз қамтылған азаматтар (отбасылар);

      3) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға.

      15. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Біржан сал ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      18. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      24. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      25. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидаларының 21 және 22 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      26. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Біржан сал ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      29. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) Біржан сал ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      301. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.

5. Қорытынды ереже

      31. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Биржан сал

Решение маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 29 марта 2018 года № С-22/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 апреля 2018 года № 6572. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 19 июня 2019 года № С-40/4

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 19.06.2019 № С-40/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, маслихат района Биржан сал РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Биржан сал.

      2. Признать утратившим силу решение Енбекшильдерского районного маслихата от 22 июля 2016 года № С-3/5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Енбекшильдерском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5502, опубликована 2 сентября 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
И.Магерко
      Секретарь районного
маслихата
С.Шауенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющий обязанности
акима района Биржан сал
Акмолинской области
Е.Сабиров

      "29" марта 2018 года

  Утверждены
решением маслихата
района Биржан сал
от "29" марта 2018 года
№ С-22/10

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Биржан сал

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Биржан сал (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее - Типовые правила).

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима района Биржан сал по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Акмолинской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ" района Биржан сал;

      8) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов сел, сельских округов района Биржан сал для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 23.10.2018 № С-28/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих на территории района Биржан сал.

      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая уполномоченным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      6. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций путем перечисления на счета получателя.

      7. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально).

      8. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) 9 мая – День Победы;

      2) 1 октября – День пожилых людей;

      3) второе воскресенье октября - День инвалидов.

2. Перечень категорий и размеры социальной помощи

      9. Социальная помощь оказывается следующим категориям граждан:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны;

      пенсионерам с минимальным размером пенсии;

      инвалидам всех категорий;

      лицам, больным социально - значимыми заболеваниями (туберкулезом, онкологическими заболеваниями и ВИЧ - инфицированным) на основании подтверждения медицинского учреждения о регистрации на учете в органах здравоохранения;

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы и прибывшим на постоянное место жительство в район Биржан сал;

      гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара;

      студентам из малообеспеченных и многодетных семей обучающимся в колледжах;

      студентам из малообеспеченных и многодетных семей, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму;

      3) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально - значимого заболевания.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции решения маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 23.10.2018 № С-28/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      10. Социальная помощь предоставляется:

      1) ко Дню Победы – 9 мая:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны;

      2) ко Дню пожилых людей:

      пенсионерам с минимальным размером пенсии;

      3) ко Дню инвалидов:

      инвалидам 1, 2, 3 групп и детям инвалидам до восемнадцати лет.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 23.10.2018 № С-28/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      11. В трудной жизненной ситуации социальная помощь оказывается один раз в год следующим категориям граждан:

      1) гражданам (семьям) по заявлению при наступлении трудной жизненной ситуации независимо от дохода гражданина (семьи):

      онкологическим больным, прошедшим специальное лечение в условиях онкологического стационара, на основании списков государственного коммунального казенного предприятия "Енбекшильдерская центральная районная больница" в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;

      больным туберкулезом на лечение, на основании списков государственного коммунального казенного предприятия "Енбекшильдерская центральная районная больница" в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;

      ВИЧ – инфицированным на лечение, на основании списков государственного коммунального казенного предприятия "Енбекшильдерская центральная районная больница" в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы, не позднее трех месяцев со дня освобождения и прибывшим на постоянное место жительство в район Биржан сал в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;

      2) в случае причинения ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, единовременно, по заявлению не позднее трех месяцев с момента наступления события не учитывая среднедушевой доход гражданина (семьи) в размере двадцати пяти месячных расчетных показателей.

      12. Социальная помощь оказывается участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере ста процентов ежемесячно за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета:

      за водоснабжение, теплоснабжение, электроснабжение, канализацию, мусороудаление согласно реестров, предоставленных поставщиками услуг на счета получателей;

      услуги связи (абонентская плата), газоснабжение на лицевые счета получателей;

      расходы на твердое топливо и дрова в период отопительного сезона возмещаются согласно занимаемой площади по месту фактического проживания участника или инвалида Великой Отечественной войны, путем перечисления на лицевые счета получателей, согласно предоставленных квитанции на приобретение твердого топлива.

      Социальная помощь оказывается и на совместно проживающих и прописанных с ними членов семьи, на которых льготы распространяются до тех пор, пока ими пользуется участник Великой Отечественной войны.

      13. Социальная помощь студентам из малообеспеченных и многодетных семей:

      1) проживающим в сельской местности, обучающимся по очной форме обучения в колледжах на платной основе на оплату за учебу один раз в год в размере сто процентной стоимости годового обучения на основании копии договора с учебным заведением, заверенной нотариально, справки с места учебы и справки, подтверждающей статус многодетной семьи или справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи;

      2) обучающимся в высших медицинских учебных заведениях, заключившим договор о трудоустройстве с государственными медицинскими учреждениями района Биржан сал после окончания учебы, на оплату за весь период обучения на основании справки, подтверждающей статус многодетной семьи или справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи.

      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 23.10.2018 № С-28/4 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      14. При наступлении трудной жизненной ситуации социальная помощь предоставляется один раз в год, в размере двадцати пяти месячных расчетных показателей учитывая среднедушевой доход гражданина (семьи) до прожиточного минимума, следующим категориям граждан:

      1) многодетные семьи;

      2) малообеспеченные граждане (семьи);

      3) лица, воспитывающие ребенка-инвалида до 18 лет.

      15. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      16. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, оказывается, по списку, утверждаемому акиматом района Биржан сал по представлению Уполномоченной организации без истребования заявлений от получателей.

      17. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа предоставляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе семьи согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акта и/или документа, подтверждающего наступление трудной жизненной ситуации.

      18. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      19. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      20. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи, по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа.

      Аким села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      21. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      22. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      23. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет на рассмотрение специальной комиссии.

      24. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      25. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 21 и 22 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима села, сельского округа.

      26. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      27. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) порога для оказания социальной помощи.

      28. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района Биржан сал на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      29. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы района Биржан сал;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      30. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      31. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".