Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/10 "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № С-28/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қарашада № 6839 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 19.06.2019 № С-40/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/10 "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6572 тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      соғыс қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      ең төмен зейнетақы мөлшерінде алатын зейнеткерлерге;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен - АИТВ) аурулармен ауыратын тұлғаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Біржан сал ауданына тұрақты тұруға келген тұлғаларға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде оқитын студенттеріне;

      аз қамтылған және көп балалы отбасылардың жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын студенттеріне.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.";

      10 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Қарт адамдар күніне:

      ең төмен зейнетақы мөлшерінде алатын зейнеткерлерге.";

      13 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Көп балалы отбасы екендігін дәлелдейтін анықтама немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан екендігін дәлелдейтін анықтама негізінде, оқуды аяқтағаннан кейін Біржан сал ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен жұмысқа орналасу туралы келісім шартқа отырған жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққандарға оқуының толық оқу кезеңін төлеу үшін.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Ақышев
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Біржан сал ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

      "23" қазан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады