РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2018 жылға арналған Еңбекшілдер ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № а-11/262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6195 тіркелген, 2017 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулы тақырыбында, 1 және 2 тармақтарында "Еңбекшілдер ауданында" сөздері "Біржан сал ауданында" сөздеріне ауыстырылсын;
қаулы кіріспесінде "Еңбекшілдер ауданының" сөздері "Біржан сал ауданының" сөздеріне ауыстырылсын;
қаулының 1 және 2 қосымшалары қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданының әкімі |
Е.Нұғыманов |
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "28" 05 № а-6/193 қаулысына 1 қосымша |
|
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "21" 11 № а-11/262 қаулысына 1 қосымша |
2018 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | ұйымның атауы | қызметкерлердің тізімдік саны | квота мөлшері (%) |
1 | Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Степняк су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 74 | 2,7 |
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "28" 05 № а-6/193 қаулысына 2 қосымша |
|
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "21"11 № а-11/262 қаулысына 2 қосымша |
2018 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | ұйымның атауы | қызметкерлердің тізімдік саны | белгіленген квота мөлшері (%) |
1 | Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Степняк су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 74 | 2,7 |
2 | "СХП ЕрАс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 5 | 20 |