Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № а-6/193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № а-6/193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. 2018 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № а-6/193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. 2018 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № а-6/193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі |
А.Қиықов |
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "21" қарашадағы № а-11/262 қаулысына 1 қосымша |
2018 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № а-6/193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | ұйымның атауы | қызметкерлердің тізімдік саны | квота мөлшері (%) |
1 | Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Степняк су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 74 | 2,7 |
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 21 " қарашадағы № а-11/262 қаулысына 2 қосымша |
2018 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № а-6/193 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | ұйымның атауы | қызметкерлердің тізімдік саны | белгіленген квота мөлшері (%) |
1 | Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Степняк су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 74 | 2,7 |
2 | "СХП ЕрАс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 5 | 20 |