ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 2-т.).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Есіл ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Господарь |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С.Ағымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Есіл ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |
2 ақпан 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Ташенов |
2 ақпан 2018 жыл