РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Занына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Занының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің "2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2018 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6365 тіркелген, 2018 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Нұрмағамбетоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі |
М.Балпан |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" қыркүйектегі № А-9/261 қаулысына қосымша |
|
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "5" қаңтардағы № А-1/3 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1. | Қалалық жердегі балабақша | 335 | 0 | 27520 | 0 |
3 жасқа дейін - 7350 | 0 |
2. | Ауылдық жердегі балабақша | 143 | 0 | 53201 | 0 |
3 жасқа дейін – 6300 | 0 |
3. | Санаторлық балабақша | 15 | 0 | 96983 | 0 | 0 | 0 |
4. | Қалалық жердегі толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 75 | 0 | 25530 | 0 |
3 жасқа дейін - 6600 | 0 |
5. | Ауылдық жердегі толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 145 | 0 | 27901 | 0 |
3 жасқа дейін - 6600 | 0 |
6. | Ауылдық жердегі жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 11 | 0 | 8299 | 0 |
3 жасқа дейін - 3300 | 0 |