РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Жақсы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылының көшелері қайта аталсын:
30 лет Победы көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
Ленин көшесі Абай көшесіне;
Северная көшесі Мереке көшесіне;
Банная көшесі Бірлік көшесіне;
Атауы жоқ шағын ауданы Болашақ шағын ауданына;
Южная көшесі Көктем көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауылының әкімі | С. Есмағамбетов |