Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 тамызда № 6756 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Жақсы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылының көшелері қайта аталсын:

      30 лет Победы көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      Ленин көшесі Абай көшесіне;

      Северная көшесі Мереке көшесіне;

      Банная көшесі Бірлік көшесіне;

      Атауы жоқ шағын ауданы Болашақ шағын ауданына;

      Южная көшесі Көктем көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауылының әкімі С. Есмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады