Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 26.04.2019 №36-255 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2019 жылға арналған Зеренді ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып көрсетілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А.Таласбаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі |
М.Мұстафин |
2018 жылғы "24" желтоқсан