РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Бәйтерек ауылдық округіннің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Зерендi ауданы Бәйтерек ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Центральная көшесін Орталық көшесіне;
2) Советская көшесін Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімі қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бәйтерек ауылдық округінің әкімі |
Б.Құрманғалиев |