Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қарашада № 6856 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Бәйтерек ауылдық округіннің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Зерендi ауданы Бәйтерек ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Центральная көшесін Орталық көшесіне;

      2) Советская көшесін Тәуелсіздік көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімі қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бәйтерек ауылдық
округінің әкімі
Б.Құрманғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады