РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Балкашин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округі Балкашино ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Киров көшесі Раиса Боронина көшесіне;
2) Заречная көшесі Ақан сері көшесіне;
3) Смирнов көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
4) Целинная көшесі Еркеш Ибрагим көшесіне;
5) Пионерская көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне.
2. Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округі Хуторок ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Юбилейная көшесі Талғат Бигелдинов көшесіне;
2) Комаров көшесі Қабанбай Батыр көшесіне;
3) Садовая көшесі Мұқағали Мақатаев көшесіне;
4) Подлесная көшесі Біржан сал көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балкашин ауылдық округінің әкімі |
Ж.Омарғалиев |