РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Васильев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округі Тучное ауылының Набережная көшесі Ақжол көшесіне қайта аталсын.
2. Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округі Васильевка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Октябрьская көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне;
2) Школьная көшесі Саққұлақ би көшесіне.
3. Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округі Ұлан ауылының көшелері қайта аталсын:
1) 1 май көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
2) Гвардейская көшесі Әйтеке би көшесіне;
3) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
4) Степная көшесі Қанай би көшесіне;
5) Целинная көшесі Мұстафа Шоқай көшесіне;
6) Школьная көшесі Төле би көшесіне.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Васильев ауылдық округінің әкімі | А.Кәрімжанов |