Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 179/25-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 6405 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 125/21-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 125/21-7 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабы 5-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. "Целиноград ауданының шекараларында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 86/10-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5679 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
С.Абеева
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

      30.01.2018

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Целиноград
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Жантеміров

      30.01.2018

О повышении базовых ставок земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан, в границах Целиноградского района

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 30 января 2018 года № 179/25-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 февраля 2018 года № 6405. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 18 марта 2022 года № 125/21-7

      Сноска. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 18.03.2022 № 125/21-7 (вводится в действие с 1 января 2022 года).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога в десять раз на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан, в границах Целиноградского района.

      2. Признать утратившим силу решение Целиноградского районного маслихата "О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Целиноградского района" от 23 декабря 2016 года № 86/10-6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5679, опубликовано 18 января 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Целиноградского районного
маслихата
С.Абеева
      Секретарь Целиноградского
районного маслихата
Б.Жанбаев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Целиноградского района М.Таткеев

      30.01.2018

      Руководитель республиканского
государственного учреждения
"Управление государственных
доходов по Целиноградскому
району Департамента
государственных доходов по
Акмолинской области Комитета
государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан"
А.Жантемиров

      30.01.2018