Целиноград ауданының шекараларында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 86/10-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 5679 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 179/25-6 шешімімен

      Есекрту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 179/25-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Целиноград ауданының шекараларында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданының шекараларында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 274/40-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған), "Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 274/40-5 "Целиноград ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 9/1-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
А.Тиманов
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

      23.12.2016

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Целиноград ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.Жантеміров

      23.12.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады