РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2018-2019 жылдарға арналған Целиноград ауданында Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 175/24-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6374 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Я.Мофа |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі |
М.Тәткеев |
18.04.2018