РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 9 хаттамасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Т.О. Каткадамов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылғы 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі |
М.Тәткеев |