Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 10.07.2020 № 428/64-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Целиноград ауданының бөлімі;";
8-тармақтың төртінші абзаці жаңа редакцияда баяндалсын:
"ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге;";
9-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2) Қарт адамдар күніне:
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
А.Бутакова |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі | М.Тәткеев |
09.10.2018