Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 428/64-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 шілдеде № 7956 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Н.Токабаев
      Целиноград аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі

  Целиноград аудандық мәслихатының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 428/64-6 шешіміне
қосымша

Целиноград аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қарашада жарияланған);

      2. "Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 тамыздағы № 235/33-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6791 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 қырқүйекте жарияланған);

      3. "Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 қазандағы № 242/35-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6810 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 қазанда жарияланған);

      4. "Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 292/42-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 8 сәуірде жарияланған);

      5. "Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 327/47-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7238 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 маусымда жарияланған);

      6. "Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 338/48-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7319 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 13 тамызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады