РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Максимовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданы Максимовка ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
Заводская көшесін Бірлік көшесіне;
50 лет ВЛКСМ көшесін Жастар көшесіне;
Лиза Чайкина тұйық көшесін Наурыз тұйық көшесіне;
Набережная көшесін Жағалау көшесіне;
Степная көшесін Сарыарқа көшесіне.
2. Целиноград ауданы Төнкеріс ауылының көшелері қайта аталсын:
Отто Шмидт көшесін Жұмабек Тәшенев көшесіне;
Молодежная көшесін Жамбыл Жабаев көшесіне;
Школьная көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Целинная көшесін Өркениет көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Максимовка ауылдық округінің әкімі |
Алжабаев Г.Н. |