Целиноград ауданы Максимовка ауылының құрамдас бөліктеріне атаулар беру және Төңкеріс ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 6920 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Максимовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданы Максимовка ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;

      Заводская көшесін Бірлік көшесіне;

      50 лет ВЛКСМ көшесін Жастар көшесіне;

      Лиза Чайкина тұйық көшесін Наурыз тұйық көшесіне;

      Набережная көшесін Жағалау көшесіне;

      Степная көшесін Сарыарқа көшесіне.

      2. Целиноград ауданы Төнкеріс ауылының көшелері қайта аталсын:

      Отто Шмидт көшесін Жұмабек Тәшенев көшесіне;

      Молодежная көшесін Жамбыл Жабаев көшесіне;

      Школьная көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;

      Целинная көшесін Өркениет көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Максимовка ауылдық
округінің әкімі
Алжабаев Г.Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады