Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 7С-20/5 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы |
А.Фурта |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д.Отаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шортанды ауданының әкімі | Г.Сәдуақасова |
26.01.2018 ж.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
С.Әлмағанбетов |
26.01.2018 ж.