Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № С-24/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6382 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 7С-20/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 7С-20/5 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Шортанды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы
А.Фурта
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

      26.01.2018 ж.

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Шортанды
ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Әлмағанбетов

      26.01.2018 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады