РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген, 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсін.
3. Осы қаулының әрекеті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Қарауылов |
Бурабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "21" 02 № а-2/54 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа кұны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | |
Бөбек-бақша | 200 | 850 | 25 365,2 | 23 315 | 11000 | 11000 |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы бөбек-бақша | 0 | 125 | 0 | 24 032 | 0 | 11000 |
Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 440 | 0 | 17 931,8 | 0 | 10000 | 0 |
Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 382 | 0 | 8965,9 | 0 | 0 | 0 |