Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 тіркелген, 2011 жылғы 8 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
әкімдіктің бірлескен қаулысына және мәслихаттың шешіміне қосымшада:
"Благодар ауылдық округі", "Қарғалы ауылдық округі", "Қурайлы ауылдық округі", "Новый ауылдық округі" және "Сазды ауылдық округі" сөздері - алынып тасталсын;
48 "Өлетті ауылы", 52 "Бөгеткөл ауылы", 53 "Таскожа ауылы", 80 "Қырықкұдык ауылы", 84 "Қазақстан ауылы" және 126 "Қаракөл ауылы" - жолдары - алынып тасталсын;
206 және 215 жолдарда "Веренка ауылы" және "Хлебодаровка ауылы" сөздері тиісінше "Достық ауылы" және "Сарыжар ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
"Хлебодар" сөзі "Сарыжар" сөзімен ауыстырылсын;
Осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес, Қобда ауданы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. КАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Ғ. ЛАТЫПОВ |
Қобда ауданы | ||
---|---|---|
Қобда ауылдық округі | ||
151 | Қобда ауылы | 300 |
152 | Құрсай ауылы | 65 |
Ақраб ауылдық округі | ||
153 | Ақраб ауылы | 65 |
Бестау ауылдық округі | ||
154 | Бестау ауылы | 70 |
Сарыбұлақ ауылдық округі | ||
155 | Сарыбұлақ ауылы | 65 |
Бұлақ ауылдық округі | ||
156 | Әлия ауылы | 60 |
157 | Бұлақ ауылы | 60 |
Иманғали Бiлтабанов атындағы ауылдық округ | ||
158 | Иманғали Бiлтабанов атындағы ауыл | 75 |
159 | Қосөткел ауылы | 60 |
160 | Байтақ ауылы | 60 |
Жарсай ауылдық округі | ||
161 | Жарсай ауылы | 75 |
162 | Ақсай ауылы | 60 |
163 | Қарағанды ауылы | 60 |
Жарық ауылдық округі | ||
164 | Жарық ауылы | 60 |
165 | Жаманкөл ауылы | 50 |
166 | Қанай ауылы | 50 |
167 | Ортақ ауылы | 50 |
Жиренқопа ауылдық округі | ||
168 | Жиренқопа ауылы | 60 |
Бегалы ауылдық округі | ||
169 | Калиновка ауылы | 65 |
Қызылжар ауылдық округі | ||
170 | Қызылжар ауылы | 60 |
171 | Қаракемер ауылы | 50 |
И. Құрманов атындағы ауылдық округ | ||
172 | Бегалы ауылы | 70 |
173 | Егіндібұлақ ауылы | 60 |
Өтек ауылдық округі | ||
174 | Өтек ауылы | 65 |
175 | Жарсай ауылы | 60 |
Сөғәлі ауылдық округі | ||
176 | Көк үй ауылы | 60 |
177 | Қоғалы ауылы | 50 |
178 | Сөғәлі ауылы | 50 |
Талдысай ауылдық округі | ||
179 | Талдысай ауылы | 75 |
Терiсаққан ауылдық округі | ||
180 | Терiсаққан ауылы | 60 |
181 | Жаңаталап ауылы | 65 |