Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 375 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 тамыздағы № 321 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қыркүйекте № 5948 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 тіркелген, 2011 жылғы 8 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      әкімдіктің бірлескен қаулысына және мәслихаттың шешіміне қосымшада:

      "Благодар ауылдық округі", "Қарғалы ауылдық округі", "Қурайлы ауылдық округі", "Новый ауылдық округі" және "Сазды ауылдық округі" сөздері - алынып тасталсын;

      48 "Өлетті ауылы", 52 "Бөгеткөл ауылы", 53 "Таскожа ауылы", 80 "Қырықкұдык ауылы", 84 "Қазақстан ауылы" және 126 "Қаракөл ауылы" - жолдары - алынып тасталсын;

      206 және 215 жолдарда "Веренка ауылы" және "Хлебодаровка ауылы" сөздері тиісінше "Достық ауылы" және "Сарыжар ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      "Хлебодар" сөзі "Сарыжар" сөзімен ауыстырылсын;

      Осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес, Қобда ауданы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың
хатшысы
С. КАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Ғ. ЛАТЫПОВ

  2018 жылғы 15 тамыздағы № 375/321 Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және мәслихатының шешіміне қосымша
  2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және мәслихатының шешіміне қосымша

Қобда ауданы

Қобда ауылдық округі


151

Қобда ауылы

300

152

Құрсай ауылы

65


Ақраб ауылдық округі


153

Ақраб ауылы

65


Бестау ауылдық округі


154

Бестау ауылы

70


Сарыбұлақ ауылдық округі


155

Сарыбұлақ ауылы

65


Бұлақ ауылдық округі


156

Әлия ауылы

60

157

Бұлақ ауылы

60


Иманғали Бiлтабанов атындағы ауылдық округ


158

Иманғали Бiлтабанов атындағы ауыл

75

159

Қосөткел ауылы

60

160

Байтақ ауылы

60


Жарсай ауылдық округі


161

Жарсай ауылы

75

162

Ақсай ауылы

60

163

Қарағанды ауылы

60


Жарық ауылдық округі


164

Жарық ауылы

60

165

Жаманкөл ауылы

50

166

Қанай ауылы

50

167

Ортақ ауылы

50


Жиренқопа ауылдық округі


168

Жиренқопа ауылы

60


Бегалы ауылдық округі


169

Калиновка ауылы

65


Қызылжар ауылдық округі


170

Қызылжар ауылы

60

171

Қаракемер ауылы

50


И. Құрманов атындағы ауылдық округ


172

Бегалы ауылы

70

173

Егіндібұлақ ауылы

60


Өтек ауылдық округі


174

Өтек ауылы

65

175

Жарсай ауылы

60


Сөғәлі ауылдық округі


176

Көк үй ауылы

60

177

Қоғалы ауылы

50

178

Сөғәлі ауылы

50


Талдысай ауылдық округі


179

Талдысай ауылы

75


Терiсаққан ауылдық округі


180

Терiсаққан ауылы

60

181

Жаңаталап ауылы

65


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады