Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 374 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 қыркүйекте № 5949 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы 18 бабының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5235 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде 2017 жылы 1 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбында, көрсетілген қаулының 1-тармағында және қаулының 1-қосымшасы тақырыбында "және спорт" деген сөздер ", спорт және орман шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы:

      "Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:" деген бөліммен осы қаулының қосымшасына сәйкес және реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 жолдармен толықтырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарда ресми жариялауға жолдауын;

      3) Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев
      Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Қалдығұлова
      "___ " _____________ 2018 жыл

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 374 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 513 қаулысына 1-қосымша

Лауазымдар атауы


Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:

1

ММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

2

ММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

3

ММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

4

ММ санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

5

ММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

6

ММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

7

ММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

8

ММ санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      ЕҚТА-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2016 года № 513 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"

Постановление акимата Актюбинской области от 15 августа 2018 года № 374. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 13 сентября 2018 года № 5949

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2016 года № 513 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5235, опубликованное 1 февраля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан), следующие изменения и дополнения:

      в заголовке, пункте 1 указанного постановления и заголовке приложения 1 к указанному постановлению слова "и спорта" заменить словами ", спорта и лесного хозяйства";

      приложение 1 к указанному постановлению:

      дополнить разделом "Должности специалистов лесного хозяйства" и строками, порядковые номера 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление экономики и бюджетного планирования Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актюбинской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Актюбинской области Нургалиева Е.Ж.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Аким Актюбинской области Б. Сапарбаев
      "СОГЛАСОВАНО"
Секретарь Актюбинского
областного маслихата
С. Калдыгулова
      "___ " _____________ 2018 год

  Приложение к постановлению
акимата Актюбинской области
от 15 августа 2018 года № 374
  Приложение 1 к постановлению
акимата Актюбинской области
от 12 декабря 2016 года № 513

Наименование должностей


Должности специалистов лесного хозяйства:

1

Специалисты высшего уровня квалификации высшей категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

2

Специалисты высшего уровня квалификации первой категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

3

Специалисты высшего уровня квалификации второй категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

4

Специалисты высшего уровня квалификации без категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

5

Специалисты среднего уровня квалификации высшей категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

6

Специалисты среднего уровня квалификации первой категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

7

Специалисты среднего уровня квалификации второй категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

8

Специалисты среднего уровня квалификации без категории ГУ: лесник (инспектор), охотовед, мастер леса (участка), инженера всех специальностей основных служб лесного хозяйства и ООПТ

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      ГУ – государственное учреждение

      ООПТ – особо охраняемые природные территории.