Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17306 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттарына субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 19 "2018 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5888 тіркелген, 2018 жылғы 8-9 ақпандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
2) 2018 жылғы сәуірдегі № 185 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 19 "2018 жылғы Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына өзгеріст енгізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5913 тіркелген, 2018 жылғы 27-28 сәуірдегі "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 466 қаулысымен бекітілген |
Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2018 № 566 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Тауарлы аналық бас | бас | 10 000 | 29 747 | 297 470,0 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 9 071 | 181 420,0 |
2. | Қосымша норматив * | ||||
2.1 | 80%-дан бастап (қоса алғанда ) төл беру шығымы* | бас | 8 000 | 13 690 | 109 520,0 |
2.2 | 60%-дан бастап (қоса алғанда ) төл беру шығымы * | бас | 6 000 | 11 309 | 67 854,0 |
3. | Асыл тұқымды аналық бас * | ||||
3.1 | Базалық норматив * | бас | 10 000 | 578 | 5 780,0 |
4. | Қосымша норматив * | ||||
4.1 | 80%-дан бастап (қоса алғанда ) төл беру шығымы* | бас | 20 000 | 2 546 | 50 920,0 |
4.2 | 70%-дан бастап (қоса алғанда ) төл беру шығымы * | бас | 15 000 | 513 | 7 695,0 |
5. | Асыл тұқымды ірі қара сатып алу * | бас | 150 000 | 40 | 6 000,0 |
6. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу** | бас | 325 000 | 310 | 100 750,0 |
7. | Табынның өсімін иолайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу | бас | 100 000 | 1 | 100,0 |
8. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларарын сатып алу | бас | 150 000 | 87 | 13 050,0 |
9. | 100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату * | ||||
9.1 | 400 ден 450 кг дейін* | бас | 45 000 | 475 | 21 375,0 |
9.2 | 451 ден 500 кг дейін* | бас | 60 000 | 46 | 2 760,0 |
9.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату* | бас | 20 000 | 210 | 4 200,0 |
10. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1 000 бастан болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тірілей салмағы, килограмм | 200 | 862 254,35 | 172 450,87 |
11. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1 000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосымша салмағы, килограмм | 200 | 12 650 | 2 530,0 |
Барлық сомасы | 1 043 874,87 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу * | ||||
Асыл тұқымды аналық бас * | |||||
1.1 | Базалық норматив * | бас | 10 000 | 156 | 1 560,0 |
2. | Қосымша норматив * | ||||
2.1 | 70%-дан бастап (қоса алғанда ) төл беру шығымы* | бас | 20 000 | 1 386 | 27 720,0 |
2.2 | 60%-дан бастап (қоса алғанда ) төл беру шығымы * | бас | 15 000 | 116 | 1 740,0 |
3. | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу | ||||
3.1 | бір жынысты | доза | 10 000 | 884 | 8 840,0 |
3.2 | қос жынысты | доза | 5 000 | 404 | 2 020,0 |
3.3 | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 | 1 109 | 5 545,0 |
4. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: | ||||
4.1 | отандық немесе ТМД елдерінен импортталған | бас | 150 000 | 141 | 21 150,0 |
4.2 | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы * | бас | 170 000 | 68 | 10 770,0 |
5. | Сүт өндірудің құнын арзандату: | ||||
5.1 | Бағымдағы аналық мал басы 600 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағы-ның бір килограмы | 35 | 2 200 334,73 | 77 011,72 |
5.2 | Бағымдағы аналық мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағы-ның бір килограмы | 10 | 0 | 0 |
5.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | сынақ салмағы-ның бір килограмы | 10 | 150 000 | 918,810 |
5.4 | Бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық * | килограмм | 25 | 716 253,0 | 17 906,325 |
5.5 | Бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық * | килограмм | 15 | 168 082,0 | 2 521,230 |
6. | Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 120 000 | 1 100 | 132 000,0 |
Барлық сомасы | 309 703,08 | ||||
Мал шаруашылығы * | |||||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру * | бас | 5 000 | 355 | 1 775,0 |
2. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп бағу * | бас | 100 000 | 84 | 8 400,0 |
Барлық сомасы | 10 175,0 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 2000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 50 | 217 092,5 | 10 854,625 |
Барлық сомасы | 10 854,625 | ||||
Жұмыртқалық құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 100 млн.данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,5 | 43 889 920 | 109 724,8 |
2) | бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату * | дана | 3 | 148 418,7 | 445,256 |
Барлық сомасы | 110 170,056 | ||||
Шошқа шаруашылығы * | |||||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||
2) | нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап * | килограмм | 100 | 836 397 | 83 639,74 |
Барлық сомасы | 83 639,74 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 2 500 | 25 107 | 62 767,5 |
1.2 | Тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 65 476 | 98 214,0 |
2. | Асыл тұқымды қошқарлар сатып алу | бас | 8 000 | 1 143 | 9 144,0 |
2.1 | Асыл тұқымды қошқарлар сатып алу * | бас | 20 000 | 179,8 | 3 596,0 |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1 000 | 2 573 | 2 573,0 |
4. | Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүндердің құнын арзандату | ||||
4.1 | Сапасы 50-ден басталатын жүн | килограмм | 100 | 0 | 0 |
Барлық сомасы | 176 294,5 | ||||
Марал шаруашылығы | |||||
1. | Аналық басына селекциялық асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас | 10 000 | 0 | 0 |
Барлық сомасы | 0 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 16 | 1 600,0 |
2. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу * | бас | 40 000 | 6 | 240,0 |
3. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату * | килограмм | 92 | 8 663,0 | 749,130 |
4. | Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 116 666,7 | 7 000,0 |
Барлық сомасы | 9 589,130 | ||||
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 10 000 | 550,0 |
Барлық сомасы | 550,0 | ||||
Бал ара шаруашылығы | |||||
1. | Бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Бал ара ұясының саны | 5 000 | 580 | 2 900,0 |
Барлық сомасы | 2 900,0 | ||||
Азық өндіру * | |||||
1. | Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату * | бас | 49 000 | 2 820 | 138 180,0 |
Барлық сомасы | 138 180,0 | ||||
ЖИЫНТЫҚ сомасы | 1 895 931,0 |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №256 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Қағиданың 32 тармағына сәйкес, берілген өтінімдер бойынша мақұлданған субсидиялар көлемдері осы Қағида күшіне енгенге дейінгі мақұлданған, бірақ қаражаттың болмауы себепті төленбеген өтінімдер өтінімнің мақұлдануы сәтіне қолданыста болған Қағидалардың талаптары бойынша төленуі тиіс.
** жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және /немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі;