Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 20.02.2019 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11223 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5887 тіркелген, 2018 жылдың 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 97, 98, 99 және 100 жолдарымен толықтырылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 503 қаулысына қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 қаулысымен бекітілген |
97 | Концентрленген кальций нитраты | СаО-32; N- 17 | килограмм | 120,00 |
98 | Магний азотқышқылды 6- сулы (магний селитрасы) | MgО-15,5; N-11,1 | килограмм | 135,00 |
99 | Магний күкіртқышқылды 7-сулы | MgО-16,6; SO3-13,2 | килограмм | 94,00 |
100 | Калий сульфаты (күкіртқышқылды калий) | K2О-51; SO3-45 | килограмм | 220,00 |