Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
16, 27 және 53-тармақтар алынып тасталсын;
18-тармақта "Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, 75 мг/мл 4 мл" сөздері "Ингаляцияға арналған Тобрамицин" сөздерімен ауыстырылсын;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 24.1-тармақпен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Шешімнің қосымшасындағы 24.1-тармақ 2019 жылдың 1 наурызына дейін қолданылады деп белгіленсін.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Ә. САРМАНОВА |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 356 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетін қосымша дәрiлiк заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне енгізілетін толықтыру
№ | Дәрiлiк заттардың атауы (шығару нысаны) | Аурулар | Халық санаты |
24.1 | Дабрафениб, капсула | Тері меланомасы | диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар |