Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 28.12.2020 № 5136 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары К. Айдархановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | І. Испанов |
2018 жылғы 28 тамыздағы № 5387 Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Ақтөбе қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім алушылар саны | Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | 800 | 240000 |