"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және "Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Ақтөбе облысы әкімідігінің және Ақтөбе облысы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 139/272 бірлескен қаулысына және шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Т. Хамитов |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
С. Шынтасова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 361 шешіміне қосымша |
Ақтөбе қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілері
1) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 220 "Ақтөбе қаласының ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3893 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 мамырында "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
2) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 266 "2018 - 2020 жылдарға арналған Благодар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5867 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарында "Актюбинский вестник" газетінде және 2018 жылғы 25 қаңтарында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімі;
3) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 267 "2018 - 2020 жылдарға арналған Қарғалы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5868 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарында "Актюбинский вестник" газетінде және 2018 жылғы 25 қаңтарында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімі;
4) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 268 "2018 - 2020 жылдарға арналған Қурайлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5869 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарында "Актюбинский вестник" газетінде және 2018 жылғы 25 қаңтарында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімі;
5) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 269 "2018 - 2020 жылдарға арналған Новый ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5870 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарында "Актюбинский вестник" газетінде және 2018 жылғы 25 қаңтарында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімі;
6) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 270 "2018 - 2020 жылдарға арналған Сазды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5871 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарында "Актюбинский вестник" газетінде және 2018 жылғы 25 қаңтарында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімі;
7) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 271 "Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендеріне 2018 жылға жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5872 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарында "Актюбинский вестник" газетінде және 2018 жылғы 25 қаңтарында "Ақтөбе" газетінде жарияланған);
8) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымындағы № 349 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 266 "2018 - 2020 жылдарға арналған Благодар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-194 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
9) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымындағы № 350 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 267 "2018 - 2020 жылдарға арналған Қарғалы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-195 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
10) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымындағы № 351 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 268 "2018 - 2020 жылдарға арналған Қурайлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-196 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
11) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымындағы № 352 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 269 "2018 - 2020 жылдарға арналған Новый ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-198 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
12) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 маусымындағы № 353 "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 270 "2018 - 2020 жылдарға арналған Сазды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-197 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.