Ақтөбе қаласының ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 220 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 3893 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 361 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 361 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе қаласының ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы
      А. Байсеиітов С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2014 жылғы 15 сәуіріндегі
№ 220 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

Ақтөбе қаласының ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Ақтөбе қаласының Қарғалы, Благодар, Сазды, Новый және Қурайлы ауылдық округтері бойынша ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу

      3. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      4. Бөлек жиын өткізу үшін Ақтөбе қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі болуы қажет.

      5. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      6. Бөлек жиынды ашар алдында тиісті ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады және бөлек жиынды ашады.

      8. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары жасы 18-ден асқан, әрекет қабілеттігі бар, сотталмаған, әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты тіркелген азаматтардың әр 100 адамнан 1 адам құрамында бөлек жиынның қатысушыларымен ұсынылады.

      12. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      13. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады