Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 3823 "Азаматтық қызметші болып табылатын және Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4185 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
2) Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 901 "Азаматтық қызметші болып табылатын және Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 3823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4853 тіркелген, 2016 жығлы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.
2. "Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу;
2) осы қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялауға жіберу;
3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Р.А. Айдашеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | І. Испанов |