Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 3-2-162 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 181 шешімімен

      Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б. Д. Сейлханов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Б. Таңсықбаев

  Әйтеке би аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
"27" тамыздағы № 225 шешіміне
қосымша

Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 20.12.2018 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде айқындалады.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 3-1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб–порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 3-2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      5. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21500 тіркелген бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 502 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:

      1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы, бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;

      2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға – 40 киловатт;

      2 адамға – 60 киловатт;

      3 адамға – 80 киловатт;

      4 және одан да көп адамға – 100 киловатт;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;

      4) от жағу маусымына қатты отынды (көмірді) пайдалану нормалары:

      3 адамға дейін айына – 0,5 тонна;

      4 және одан көп адамға айына – 1 тонна;

      5) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;

      6) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      7) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;

      8) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 09.11.2023 № 115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе

Решение маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 27 августа 2018 года № 225. Зарегистрировано Управлением юстиции Айтекебийского района Департамента юстиции Актюбинской области 25 сентября 2018 года № 3-2-162. Утратило силу решением Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 27 марта 2024 года № 181

      Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе

      Сноска. Утратило силу решением Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 27.03.2024 № 181 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Айтекебийский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 26.06.2023 № 53 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Айтекебийского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Айтекебийского района;

      2) направление настоящего решения на опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Айтекебийского района.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председетель сессии
Айтекебийского районного маслихата
Б. Д. Сейлханов
      Секретарь Айтекебийского
районного маслихата
Е. Б. Тансыкбаев

      Приложение к решению
Айтекебийского районного
маслихата от "27" августа 2018
года № 225

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе

      Сноска. Приложение – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 20.12.2018 № 243 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами, в размере 5 (пяти) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 26.06.2023 № 53 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Айтекебийский районный отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      Сноска. Пункт 3 – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 24.12.2020 № 502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3-1. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в "Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб–портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      Сноска. Пункт 3-1 – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 24.12.2020 № 502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      Сноска. Пункт 3-2 – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 24.12.2020 № 502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.

      5. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 24.12.2020 № 502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется согласно Правил оказания государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № 539 "Об утверждении Правил по оказанию государственной услуги "Назначение жилищной помощи", зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21500.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 10.03.2021 № 13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      При повторном обращении малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 8 настоящих Правил.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 24.12.2020 № 502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, установленные уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции решения маслихата Айтекебийского района Актюбинской области от 26.06.2023 № 53 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

2. Размер оказания жилищной помощи

      10. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующими нормами:

      1) норма площади жилья обеспечиваемая компенсационными мерами, составляет восемнадцать квадратных метров полезный площади на человека, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      2) нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      на 1 человека – 40 киловатт;

      на 2-х человек – 60 киловатт;

      на 3-х человек – 80 киловатт;

      на 4-х и более человек – 100 киловатт;

      3) содержание жилища из государственного жилищного фонда ежемесячно:

      на 1 человека – 18 квадратных метров полезной площади, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      4) нормы потребления твердого топлива (угля) на отопительный сезон:

      до 3-х человек в месяц – 0,5 тонны;

      на 4-х и более человек в месяц – 1 тонна;

      5) теплоснабжение ежемесячно:

      на 1 человека – 18 квадратных метров полезной площади, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      6) услуги водоснабжения – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      7) нормы потребления газа – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      нормы платы потребления и тарифы коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг;

      8) компенсация повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными решением Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 09.11.2023 № 115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).