2018 жылға арналған Алға ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 121 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 9 сәуірде № 3-3-160 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алға ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, 2018 жылға екі пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) Осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) Осы қаулының Алға ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы орындалуын бақылау аудан әкімдерінің орынбасары А. Қонжарға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Алдияров

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Алгинскому району на 2018 год

Постановление акимата Алгинского района Актюбинской области от 16 марта 2018 года № 121. Зарегистрировано Управлением юстиции Алгинского района Департамента юстиции Актюбинской области 9 апреля 2018 года № 3-3-160. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Алгинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Алгинскому району на 2018 год в размере двух процентов от списочной численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности.

      2. Государственному учреждению "Алгинский районный отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Управление юстиций Алгинского района Департамента юстиций Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Алгинского района.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А. Конжар.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Н. Алдияров