Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
К. Байгазин |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Б. Жұмабаев |
Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 196 шешіміне қосымша |
Алға аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі:
1. Алға аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 6 "Алға ауданы бойынша және Алға қаласында салық салу мен сату мақсатында жерді аймақтарға бөлу жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-80 болып тіркелген (2009 жылғы 2 маусымдағы № 25 аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Алға аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы № 5 "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 6 "Алға ауданы бойынша және Алға қаласында салық салу мен сату мақсатында жерді аймақтарға бөлу сызбасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-92 болып тіркелген (2009 жылғы 24 қарашадағы № 48 аудандық "Жұлдыз Звезда" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 01 наурыздағы № 152 " Алға ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-150 тіркелген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 сәуірде жарияланған) шешімі.