Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 12.09.2018 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің 387-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 24 сәуірдегі "Алға ауданы бойынша және Алға қаласында салық салу мен сату мақсатында жерді аймақтарға бөлу сызбасын (схемасын) бекіту туралы" (Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-80 тіркелген, 2009 жылғы 2 маусымдағы "Жұлдыз-Звезда" газетінің № 25 жарияланған) № 6 шешіміне төмендегідей өзгерту енгізілсін:
шешімнің атауындағы "сызбасы(схемасы)" деген сөз "Жер салығының базалық ставкасына түзету коэффиценттерін бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын және екінші тармақтағы сызбасы (схемасы) деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы: |
А.Кайрушев |