Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылдың 29 тамыздағы № 2-6-04/181 санды ұсынысына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі, Аманкелді ауылында орналасқан "Реймкул" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға ауданының әдiлет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | Е.C. Куспанов |