Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 12.06.2018 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 01 ақпандағы № 2-17/29 ұсынысы негізінде Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжар ауылдық округі Құрылыс ауылының Қ. Сәрсенбаев және А. Бимұратов көшелерінде жануарлар арасынан құтырық ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | А. Ізбасарова |