Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 140 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 наурызда № 3-7-159 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 234 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.12.2024 № 234 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 қазақ тіліндегі "Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-68 тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбындағы "жоғарылату" сөзі "арттыру" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.".

      2. "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Г. Балгарина
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Ерғалиев

О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 86 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы"

Решение маслихата Кобдинского района Актюбинской области от 2 марта 2018 года № 140. Зарегистрировано Управлением юстиции Кобдинского района Актюбинской области 27 марта 2018 года № 3-7-159. Утратило силу решением Кобдинского районного маслихата Актюбинской области от 2 декабря 2024 года № 234

      Сноска. Утратило силу решением Кобдинского районного маслихата Актюбинской области от 02.12.2024 № 234 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан, статьей 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Кобдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кобдинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 86 на казахском языке "Жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-7-68, опубликованное 28 мая 2009 года в районной газете "Қобда") следующие изменения:

      в заголовке указанного решения на казахском языке слово "жоғарылату" заменить словом "арттыру";

      преамбулу решения изложить в следующей редакции:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 510 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.".

      2. Государственному учреждению" Аппарат Кобдинского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Кобдинского района;

      2) направление настоящего решения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещения настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Кобдинского района.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Г. Балгарина
      Секретарь районного маслихата Ж. Ергалиев