Жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда № 3-7-68 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 234 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.12.2024 № 234 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "ставкасын", "ставкаларын", "ставкалары" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемері" сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбында "жоғарылату" сөзі "арттыру" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Автотұрақтар, автомобильге май құю стансалары орналасқан жер учаскелерінің салық мөлшерлемері 10 еселенген мөлшерге ұлғайтылсын.

      3. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 23 қаңтардағы "Жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" № 3, аудандық әділет басқармасында 20 ақпан 2004 жылғы № 2584 болып тіркелген, 2008 жылғы 28 наурыздағы "2008 жылғы жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" № 31, аудандық әділет басқармасында 30 сәуір 2008 жылғы № 3-7-47 болып тіркелген және осы шешімге өзгерістер енгізу туралы № 42 аудандық әділет басқармасында 25 шілде 2008 жылғы № 3-7-52 болып тіркелген, шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 70 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы шешім Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының
төрағасы
Аудандық мәслихат хатшысы
      Т. Нұржанов І. Қобланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады