Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 22.05.2019 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабы, 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 2-10-3/130 ұсынысы негізінде, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Бұлақ ауылдық округіне қарасты Әлия ауылы аумағында шектеу іс – шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұлақ ауылдық округінің әкімі |
Ж. Альбетов |