Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Кобда аудандық Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 6 "Сарбұлақ ауылының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-116 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелерінде "Сарыбұлақ" сөзі "Сарбұлақ" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарбұлақ ауылының тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 2 маусымдағы № 3 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
2. "Сарбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Қобда аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жариялған күнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі | Е. Утегенов |